ШҚО-да көліктік бақылау инспекторлары жүйелі түрде пара алып отырған

722

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көліктік бақылау инспекциясының 11 қызметкерінен тұратын қылмыстық топ қызметінің жолын кескен деп хабарлайды inbusiness.kz

ШҚО-да көліктік бақылау инспекторлары жүйелі түрде пара алып отырған

Қылмыстық схеманы инспекция бөлімдерінің бірінің басшысы ұйымдастырған.

"Аталған лауазымды тұлғалар өңірдегі жалпы қамқорлық пен кедергісіз жүріп-тұру үшін жүк тасымалдау саласындағы кәсіпкерлерден пара алған. Пара сомасы 10 000-нан 50 000 теңгеге дейінгі аралықты құраған, оны жүк көлігі жүргізушілері қол алысу кезінде Инспекция қызметкерлеріне беріп отырған", – деп жазылған хабарламада.

Алынған паралардың күнделікті айналымы 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін жетіп отырған.

Барлық ақша аударымдарының 20-дан астам эпизодтары құжатталды.

"4 адамға қатысты сот "қамауға алу" бұлтартпау шарасын таңдады, қалған лауазымды тұлғалар кінәсін толық мойындады және тергеумен белсенді ынтымақтастыққа келді.

Қазіргі уақытта Агенттік аталған қылмыстық схеманы жою және осыған ұқсас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын бастады", – деп жазылған таратылған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу