ШҚО-да коммуналдық кәсіпорын есепшісі 12 млн теңге жымқырған

203

Сот шешімімен әйел ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

ШҚО-да коммуналдық кәсіпорын есепшісі 12 млн теңге жымқырған Фото: altyn-orda.kz

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 12 млн теңге жымқырған коммуналдық кәсіпорын есепшісі сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Алтай аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, коммуналдық кәсіпорын қызметкері өзінің жеке банктік шоттарына бюджет қаражатын заңсыз аударып алған.

"Айыпталушы жергілікті коммуналдық кәсіпорындардың бірінше есепші болып жұмыс істеген. Өзінің қызметтік лауазымын асыра пайдаланған ол бірнеше жыл бойы мемлекеттік бюджет қаражатын жеке банктік шоттарына заңсыз аударып отырды. Осының салдарынан келтірілген шығын көлемі 12 264 882 теңгені құрап отыр", - делінген ақпаратта.

Шоттағы ақша жетіспеушілігі анықталған соң іс сотқа жеткізілді. Сот шешімімен әйел ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушыға 3 жарым жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу