ШҚО-да көпбалалы анаға берілген жаңа үйдің пеші "жарылды"

1978

ШҚО Күршім ауданының орталығында көпбалалы аналарға салынған жаңа үйлердің бірінде пеш "жарылды".    

ШҚО-да көпбалалы анаға берілген жаңа үйдің пеші "жарылды"

Бұл туралы "Үйлесім" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жұлдыз Ақтанжанова фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Құрметті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы! 

Күршім ауданы әкімі Кажанов Дулат мырзаның орнын босатуын талап етемін! Жаңа салынған үйлердің пеші бір емес, бірнеше рет жарылды. Көпбалалы аналар Сағатбаева Меруерттің, Аукенова Бибигульдің жаңа уйлерінде пештің жарылысы екінші Чечня соғысы басталғандай әсер қалдырып жатыр. Бұл пештердің ақауы бар екенін, эксплуатацияға жарамсыз екенін осы әлеуметтік желіде бірнеше рет жазғанмын. Бірақ сол мәселе әкім тарапынан жиналыс жасап, аналарды алдап, уәде берумен ғана шектелді. Және "бұл пештердің жарылуы бір ақ рет болды, енді қайталанбайды, Алматыдан басқа пештер әкеліп орнатамыз",  деген сынды уәделер әлі күнге шейін қарқынды орындалып жатқан жоқ! Бюджет ақшасы резиновый емес деп айтыпты Д. Кажанов. Бюджет резиновый болмаса, адамның да өмірі ойыншық емес! "Нерезиновый" бюджет туралы әуел баста осы пештерді мемлекеттік сатып алу порталында тапсырыс бергенде ойлану керек болған деп ойлаймын.Тек орнын босатып қане қоймай, 2019-2021 жылдары осы ауданға бөлінген қаражат есебіне толық тексеру жүргізілуін талап етемін!",  деп жазды Ақтанжанова.

Оның айтуынша, оқиға күндіз болған. Бұл үйлер мемлекеттік бағдарламамен салынып, арендаға берілген.

"Ертең Қазақстан Республикасы ең маңызды күнді атап өтпек! Күршім ауданының әкімі Кажанов Дулат осы күнге "керемет" сый жасап берді",  дейді Ақтанжанова "Тұңғыш Президент күнін" меңзеп.

"Екі жағдайда да көпбалалы аналардың балалары сабақта болып, аман қалды! Жарылыс түнде болса ше? Неше адамның өмірі қиылар еді?",  дейді ол.

Біз тілдескен Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Акрамов бір үйде осындай оқиға болғанын растап, гипсокордон қабырғасына да зақым келгенін айтады.

"Мердігер мекеме қалпына келтіріп береді",  дейді ол.

"Жарылу" неден болғаны және өзге де ақпараттар алдағы уақытта толықтырылады.

Тасқын Болатұлы

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу