ШҚО-да қос азаматтығы бар тұрғын анықталды

1227

Полиция әйелден құжаттарды алып, елден шығарған.  

ШҚО-да қос азаматтығы бар тұрғын анықталды

Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар тағы бір адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

"2021 жылғы желтоқсанда әйел тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шықпай Ресейге барып, сол елдің азаматтығын қабылдаған. Осылайша, ол еліміздің азаматтық туралы заңын бұзды", – деп жазылған ШҚО Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Полиция Ресей азаматынан Қазақстан азаматының жеке куәлігі мен паспортын алып, оны Қазақстан азаматтығынан айырды.

"Заң бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы 2-бөлігі бойынша елден шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу