Көкпекті ауданының аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстыру жүргізу кезінде аудан орталығы тұрғынының Ресей Федерациясының азаматтығын алу фактісін анықтады. Азамат зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін 8 жыл бойы Қазақстанда Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, зейнетақы алып келген.
Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айырылғаны тіркелді.
ШҚО ПД көші-қон қызметі азаматтарға өзге елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды уақытылы тіркеу қажет екенін ескертеді.