ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 40 адамға айыппұл салынды

722

Айыптылардың ішінде 10 адам басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы белгіленген мерзімде құзырлы органға хабарламағаны үшін жазықты болды.  

ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 40 адамға айыппұл салынды

Ал Қазақстан азаматтығынан шығып кетсе де, біздің елдің құжаттарын пайдаланып жүрген 30 адам анықталды. Олар да әкімшілік айыппұл төлеген деп inbusiness.kz  Алтайньюс-ке сілтеме жасап хабарлайды.  

"2021 жылдың ақпанында Алтай өлкесі Барнаул қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған Риддер қаласының тұрғыны анықталды. Ер адам мемлекеттік қызметтер және ай сайынғы зейнетақы төлемін алу кезінде ҚР азаматының құжаттарын пайдаланған. Тәртіп бұзушы мөлшері 290 мың теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді облыстық ПД көші-қон қызметі бастығының орынбасары Нұрлан Жеңісханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу