Ұлан ауданының Пролетарка ауылындағы көшелерге су жайылып, бірнеше үй мен аулаларды су басты, деп хабарлайды altaynews.kz.
5 маусым күні толассыз жауған жаңбырдың салдарынан 4 аула аумағы мен 3 тұрғын үйге су жайылған екен.
Анықталғандай, ТЖ қызметкерлері суды толығымен кетіріп, үйлерін су басқан отбасыларды қауіпсіз жерге көшірді. Барлығы 7 адам, оның ішінде 3 бала қазіргі уақытта туыстарының үйіне орналастырылыпты. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.
Айта кетсек, бұдан бөлек, Глубокое ауданының Белоусовка ауылында да екі аула мен бір тұрғын үйге су жайылғаны белгілі болып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу