ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 8 мигрант жауапқа тартылды

615

Өңірде 1 қазан-1 қараша арлығында "Учаске" жедел алдын алу шарасы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 8 мигрант жауапқа тартылды Фото: Бауыржан Жуасбаев

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір ай ішінде көші-қон заңнамасын сақтамайтындар, Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзатын шетелдіктер анықталып жатыр.

Қазірге дейін полиция қызметкерлері 3 964 пәтерді, 3 644 жеке тұрғын үйді және 170 шаруа қожалығын аралаған.

Ішкі істер органдарында есепте тұрған 1,5 мыңнан астам адам тексерілді.

"Нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзған 8 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ ел аумағында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрып жатқан 40-қа жуық адам анықталды", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу