ШҚО-ның екі тұрғыны ұсақ малды ұрлады деп күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленуші полицейлерге белгісіз адам қоршалған қашаға кіріп, құны 60 мың теңге болатын ақ түсті қошқарды ұрлап кеткенін айтқан. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 32 және 31 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Жауап алу кезінде жоғарыда аталғандар өз кінәсін мойындады. Ұрланған мал иесіне қайтарылды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігімен (Мал ұрлау) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Күдіктілерді мүліктерін тәркілеумен, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.