ШҚО-да күн электр стансасының құрылысы басталды

662

Жалпы құны 17 миллиард теңгеден асатын жоба шетелдік инвесторлардың көмегімен жүзеге аспақшы. 

ШҚО-да күн электр стансасының құрылысы басталды

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында қуаттылығы жылына 30 мегаваттық күн электр стансасының құрылысы басталды, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы құны 17 миллиард теңгеден асатын жоба шетелдік инвесторлардың көмегімен жүзеге аспақшы. Қазір Жалғызтөбе кентінің маңынан берілген 66 гектар жерде жұмыстар қарқын алуда. Баламалы қуат көзін келесі жылы тамыз айында іске қосу көзделген. Жоба жүзеге асқанда аудан арзан энергиямен ғана қамтылып қоймай, сонымен қатар сыртқа сатуға да мүмкіндік тумақ. Алдағы жылдары Жарма ауданында жел электр стансасын салу жоспарда бар.

"2020 жылға дейін біз осы баламалы қуат көздерін 3 процентке дейін өсіру керекпіз. Сондықтан қазіргі мақсат сол болып тұр. Енді келешекте ақырын-ақырын өсуі әбден мүмкін деп ойлаймын. Станса салу кезінде осы нысанда 140 адам болады. Салып біткеннен кейін 10-15 адам кезек-кезекпен жұмыс істейді", - дейді инвестициялық компания өкілі Данияр Сейтенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу