ШҚО-да құрғақ шөп өртеніп жатыр

1948

Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданына қарасты Манат ауылында 300 гектар алқаптағы құрғақ шөп отқа оранды.

ШҚО-да құрғақ шөп өртеніп жатыр

Төтенше жағдайлар комитетінің дерегіне қарағанда, даладағы өртті ауыздықтауға 37 адам мен 7 техника жұмылдырылған. 

"Табиғи сипаттағы өрт Манат ауылынан 5 шақырым жердегі Көкбұқа деген уческеде тұтанды. Төтенше жағдай туралы мәлімет өртке қарсы қызметке дүйсенбі күні кешкі сағат 18.20-да түскен. Өрт сөндірушілерге қосымша көмек ретінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен "Әуе орман күзеті" мемлекеттік мекемесінің мамандары аттанды. Өрттің болжамды аумағы – 300 гектар", – делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу