ШҚО-да құрылыс қарқынды, маман тапшы

953

Бұл сала бойынша 500-ге жуық жұмыс орны бос тұр.

ШҚО-да құрылыс қарқынды, маман тапшы

Шығыс Қазақстан облысында 1762 жұмыс орны бос тұр. Аймақта қазір 717 ұстаз жетіспейді. Білім саласындағы кадр тапшылығы негізінен алыс аудандар мен ауылдарда байқалады. Сондай-ақ өңірге білікті 170 ветеринар қажет. Құрылыс және өңдеу өнеркәсібіне инженерлер жетіспей жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған облыстағы 70-тен аса кәсіпорын қатысып, 1 мыңға жуық жұмыс ұсынды.

Жалпы аймақта құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бірақ білікті инженер, тас қалаушы және кранда жұмыс істейтін мамандар тапшы. Бұл сала бойынша 500-ге жуық жұмыс орны бос тұр.

"Жұмыс берушілер мамандармен көзбе-көз сөйлесіп, өз ұсыныстарын жасап жатыр. Ал "Серпін" бағдарламасымен оқу бітіргендер Шығыс Қазақстан облысында қалмақ. Оған қоса басқа жақтан көшіп келіп жатқан, отбасыларға мемлектетік бағдарлама бойынша барлық көмек көрсетіліп жатыр", – дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Тимур Жігітаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу