Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері "Қызыл кітапқа" енген құсты құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бірқазан Глубокое ауданы Белоусовка ауылынан табылған. Тұрғындар полиция бөліміне қоңырау шалып, құстың қозғалмай отырғанын, оған маманның көмегі керегін айтқан. Оқиға орнына Учаскелік полиция инспекторы Еркебұлан Мұратұлы барған. Ол құсты көріп, Өскемендегі ветеринарлық клиниканың мамандарын шақырту керек деп шешіп қабылдаған. Сонымен қатар тәртіп сақшысы жараланған құсты қаңғыбас иттерден қорғаған.
Бүгінде бірқазан мамандардың бақылауында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу