ШҚО-да қызыл су әбігерге салып жатыр

835

ШҚО-да қызыл су әбігерге салып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар бір күнде 42 адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлан ауданында және Өскемен қаласында тұрғындарға көмек қажет болды. Таврическое ауылында 20-дан астам адам мектепке уақытша көшірілді. Облыс орталығында 19 адам "Үлбі" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына,  тағы 5 адам интернатқа орналастырылды. Эвакуацияланғандардың арасында құрбандар немесе зардап шеккендер жоқ. Адамдарға ыстық тамақ беріліп, психологиялық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Қазір облыста 27 үй және 131 аула маңындағы аумақты еріген қар суы басқан. Глубоков, Шемонаиха, Ұлан аудандарында, Өскемен және Риддер қалаларында ШҚО ТЖД, Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы, аудандық ТЖ қызметкерлері апат салдарын жойып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу