ШҚО-да ламинатталған ағаш-жаңқа плитасын шығаратын зауыт салу жоспарлануда

1099

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың "DIEFFENBACHER GMBH Maschinen-and Anlagenbau" (Германия), "Mega SMART" (Қазақстан) және "Вальтер Констракшн" ЖШҚ (Ресей) өкілдерімен кездесуінде Шығыс Қазақстан облысында ламинатталған ағаш-жаңқа плитасын өндіру жөніндегі зауыт (ДСП) құрылысы жобасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.  

ШҚО-да ламинатталған ағаш-жаңқа плитасын шығаратын зауыт салу жоспарлануда

Шығыс Қазақстан облысында ламинатталған ағаш-жоңқа плитасын өндіретін зауыт импортқа тәуелді секторларда отандық өнім өндірісін ұлғайту мақсатында Қазақстан-Германия бірлескен кәсіпорны ретінде іске асырылады.

"Бұл – Индустрия 4.0 элементтері бар жоғары технологиялық, толық автоматтандырылған өндіріс. Осылайша, Қазақстанға ағаш өңдеудің заманауи технологиялары келеді. Жаңа өндіріс жиһаз саласындағы жобаға айналып, онда білікті инженерлік және жұмыс орындары ашылады", - деп атап өтті Бейбіт Атамқұлов.

Жобаның маңызы – оның экологиялығында. Ағаш санитарлық кесу арқылы алынып, орнына жаңалары отырғызылады. Зауыттың өндірістік қуаты 300 мың текше метр ламинатталған ағаш-жоңқа плитасына жеткенде отандық жиһаз кәсіпорындарының ЛДСП-ға қажеттілігін толық өтей алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу