ШҚО-да малдың құтырма ауруының таралу қаупі жойылды – АШМ

677

Өлген мал үшін иелеріне өтемақы беріледі.

ШҚО-да малдың құтырма ауруының таралу қаупі жойылды – АШМ

Шығыс Қазақстан облысы Багратион ауылдық округінің Привольное ауылында соңғы он күнде мал өлімі тіркелген жоқ, деп хабарлайды АШМ  баспасөз қызметі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында 22 және 23 шілдеде ШҚО құтырма ауруы туралы тараған хабарламаға түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, Привольное ауылында барлығы 11 бас ірі қара мал өлімі тіркелген. Оның төртеуі құтырма ауруынан өлгендігі анықталған.

"Бір сынамадан теріс нәтиже көрсетті. Қалған алты жағдай бойынша қазіргі уақытта  зертханалық зерттеулер жалғасуда: люминесцентті микроскопиядан теріс нәтижелер алынды, ақ тышқандардың биосынамасына  бақылау жалғасуда (құтырма ауруын зерттеу 30 күнге созылады). Привольное ауылындағы барлық жануарларға, соның ішінде ірі қара малға, жылқылар мен иттерге жедел егу, жеке аулаларда дезинфекциялық емдеу жүргізілді, жануарлардың өлексесі өртелді. Нәтижесінде, аймақта соңғы 10 күн ішінде ауырған мал өлімі тіркелген  жоқ.  Эпизоотикалық жағдай ветеринарлық қызметтің бақылауында",– деп жазылған хабарламада.

Министрлік мал иелерінің шығыны өтелетінін хабарлады. 

"Өтемақы алу үшін банктік шоттың нөмірі мен жеке куәлігін көрсету қажет.  Ал, мал иесі екенін растайтын және оның өлу себебін анықтайтын құжаттарды жергілікті ветеринария бөлімінің мамандары береді",– дейді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу