ШҚО-да МӘМС жүйесіне тіркелмегендер саны 100 мыңнан асады

398

Өңірдегі медициналық ұйымдар жұмысынан көптеген кемшілік анықталды.

ШҚО-да МӘМС жүйесіне тіркелмегендер саны 100 мыңнан асады Фото: google.com

Шығыс Қазақстан облысында 127 мыңға жуық адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тіркелмеген. Бұл жөнінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ШҚО бойынша филиалынан хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. МӘМС жүйесінде жыл сайын медициналық қызмет көрсету көлемі кеңейіп келе жатыр. Біз үшін пациент пен оның қажеттіліктері басты орында", - дейді филиал директоры Нұрлан Кідірбаев.

Оның айтуынша, жыл басынан бері өңірдегі медициналық ұйымдар жұмысынан көптеген кемшілік анықталды. Мысалы, 130 медициналық қызмет түрі көрсетілді деп жалған көрсеткен.

"Медициналық қызметтің көлемін негізсіз асыра бағалауына жол бермес үшін үздіксіз мониторинг жүргізілелі. Соның нәтижелері бойынша биыл 14 939 ақау анықталды. Асыра бағаланған сома – 35 млн теңгеден асады", - дейді Кідірбаев.

МӘМС жүйесі арқылы азаматтар бірқатар медицина көмегін тегін ала алады. Мысалы, кардиолог, эндокринолог, неуропатолог, гинеколог қарауына жазыла алады; дәрумен мөлшерін, қатерлі ісік жасушалары бар-жоғын анықтайтын анализ тапсырып, ПТР, КТ және МРТ тексерістерінен өте алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу