ШҚО-да матадан жасалған медициналық таңғыштар шығаруға шикізат жоқ

1926

Өңірде жеке қорғаныс құралын тігу үшін қажетті материал жоқ, өйткені олар шетелде өндіріледі. 

ШҚО-да матадан жасалған медициналық таңғыштар шығаруға шикізат жоқ

Кәдімгі мақта-дәке таңғыштарын тігу туралы шешім қабылданды. Алайда  жергілікті фармацевтикалық компанияларда осы идеяны жүзеге асыру үшін барлық белгіленген талаптарға сәйкес келетін дәке маталарының қоры жетіспеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шурмановтың айтуынша, масканы қажетті мөлшерде шығару үшін екі апта уақыт кетеді. Ол үшін қажетті мөлшерде сапалы дәкені табу керек.

"Біз ойлағандай, матадан жасалған медициналық бетперделер емес, дәкеден жасалатын таңғыштар жайлы айтып отырмыз. СЭС оларды шығару үшін тиісті ұсыныстар берді.Тап қазіргі уақытта бірқатар фармкомпаниямен сөйлесіп жатырмыз. Мәселенің барлығы дәкенің қажетті көлемде болмауында", – деп атап кетті ол.

Еске салар болсақ, өткен аптада ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыста медициналық бетперде шығару жұмысы қолға алынатынын айтқан болатын. Яғни жарты миллионға жуық жеке қорғаныс құралы дайындалу керек еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу