ШҚО-да мектеп бухгалтері бюджет ақшасын “құмар ойынға жұмсағанын” мойындады

389

Ақшаны мектепте жұмыс істемейтін туыстарының банк шотына аударып отырған.

ШҚО-да мектеп бухгалтері бюджет ақшасын “құмар ойынға жұмсағанын” мойындады

ШҚО Күршім ауданында толық емес орта мектептің бухгалтері мемлекетке 11,9 млн теңге залал келтірді. Ол қаражатты құмар ойынға және несиесін жабуға жұмсағанын мойындаған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық соты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Сотта анықталғандай, ол бюджет ақшасын өзіне және мектепке мүлде қатысы жоқ туыстарының банк шотына аударып отырған.

“Айыпталушы М. кінәсін мойындап, 9 000 000 теңгені құмар ойындарға, ал қалған бөлігін несиелерді өтеуге жұмсағанын көрсетті. Ол өзіне бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады”, деп жазады облыстық сот.

Ал прокурор 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сот оның балалар барын, кінәсін мойындағанын және өкінетінін ескеріп, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырды. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармағы бойынша айыпталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу