ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі 1,5 мың адам протезбен қамтылды

711

2019 жылы облыс бюджетінен осы мақсатта 240 млн теңге бөлінген болатын. 

ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі 1,5 мың адам протезбен қамтылды

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше ШҚО-да жыл сайын көптеген мүмкіндігі шектеулі адамдар протездер мен ортопедиялық құралдармен қамтылып отырады. Мәселен, 2019 жылдың өзінде ғана осы мақсатта облыс бюджетінен 240 млн теңге бөлінген. Ал жалпы протездерді "ШҚ облыстық протез-ортопедиялық орталық" ЖШС жасайды. Бұл мекемемен ведомство қамкөңіл жандарды қажетті құралдармен қамту бойынша келісім шарт жасасқан. 

"Протездерді заманауи технологиялар бойынша әзірлейміз. Әр тапсырыс берушімен жеке жұмыс істейміз. Біздің протездер адамдарға ыңғайлы болу үшін барымызды саламыз. Бұл бағытта алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін зерттейміз. Мәселен, биылғы жылы үш адамға силикон лайнері бар балтырдың протезін дайындап бердік. Оның жалпы құны 1 млн 620 мың теңге. Жылына осындай 2-3 протез жасаймыз. Өткен жылы лайнерге негізделген жамбас протезін әзірлегенбіз. Бұдан бөлек құны 1 млн 700 мың тұратын электрлі қол протезін жасадық", – дейді "ШҚ облыстық протез-ортопедиялық орталық" ЖШС өндіріс басшысы Сахан Тұрсымбаева. 

Сонымен қатар орталық биыл 1477 адамды протезбен қамтып, жалпы саны 2925 көмекші құрал дайындаған. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу