Шығыс Қазақстан облысында мұз бетімен келе жатқан екі көлік суға батып кетті, деп хабарлайды altaynews.kz.
Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бірінші оқиға Қызыл Ту өткелінде орын алыпты.
"14 ақпан күні Isuzu маркалы мәшиненің иесі көлікке байланысты шектеулерді бұзып, мұз айдынына шығып кеткен. Осылайша жеті тонналық көлік мұздың астына түсіп кетті", – деп мәлімеді ТЖД баспасөз қызметі.
Екінші оқиға 15 ақпан күні Күршім ауданында болған.
"УАЗ" маркалы автокөлік мұз ойылып, суға кетті. Жолаушылар көліктен шығып үлгерген. Олар құқарушыларға хабар берген" – дейді департаменттен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу