ШҚО-да мыңға жуық адамды кене шаққан

1353

Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан, Шемонайха және Алтай аудандары, Риддер мен Өскемен қаласының айналасы кене энцефалитінің табиғи ошағы болып саналады. 

ШҚО-да мыңға жуық адамды кене шаққан

Шығыс Қазақстан облысында мыңға жуық адамды кене шақты, деп хабарлайды inbusiness.kz Алтайньюске сілтеме жасап.

"19 мамырдағы жағдай бойынша кене шаққан 995 адам медициналық көмекке жүгінді. Өткен жылы осындай уақытта 1630 адамды кене шаққан еді", – деп мәлімдеді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті.

Мамандардың айтуынша, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан, Шемонайха және Алтай аудандары, Риддер мен Өскемен қаласының айналасы кене энцефалитінің табиғи ошағы болып саналады.

"Өткен жылы бұл елді мекендерде 21 кене энцефалиті тіркелген. Ал биыл, әзірше, ауру бірде-бір адамнан анықталмады", – деді дәрігерлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу