ШҚО-да мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды

512

Шығыс Қазақстанда полицейлер прокуратура өкілдерімен және жеке сот орындаушыларымен бірге "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.    

ШҚО-да мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылды Фото: polisia.kz

ЖПІШ аясында тәртіп сақшылары ҚР ЖЖҚ борышкерлері мен қасақана бұзушыларды анықтады.

Жетінші іс-шараның қорытындысы бойынша атқарушылық өндіріс қызметкерлерімен бірлесіп 130 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді. Төленбеген айыппұлдар үшін 1000-нан астам автомобиль арнайы автотұрақтарға қойылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері әкімшілік айыппұлдарды төлеу тәсілдері туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы уақыт ішінде тәртіп сақшылары 19 мың үй мен пәтерлерді тексеріп, 12 мыңнан астам жүргізушіні хабардар етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу