Алматылықтар iAzamat арқылы мемлекеттік органдардың жұмысын бағалай алады

807

Қосымша арқылы түрлі мәселелер туралы жедел хабарлауға болады.

Алматылықтар iAzamat арқылы мемлекеттік органдардың жұмысын бағалай алады

Бірнеше ай бұрын Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев iAzamat мобильді интерактивті қосымшасын құру бастамасын көтерген. Жуырда аталған қосымшаның бета-нұсқасы іске қосылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында қосымша туралы және келесі жылы қандай өзгерістер күтілетінін "Алматы қаласын дамыту орталығы" қоғамдық коммуникациялар департаментінің директоры Әлия Жақсалықова толығырақ айтып берді.

Әзірлеушілердің айтуынша, iAzamat қосымшасы тұрғындарды Алматының жағымды өзгерісіне, оның ішінде, қоғамдық көлік, жолдарды жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру, көшелерді тазалау, жарықтандыру және өзге  жұмыстарға тартуға бағытталған.

Мобильді қосымшаның функционалы қала тұрғындарының шаһар билігімен диалог жүргізуіне арналған. Мұнда қала тұрғындары белгілі бір жоба туралы өз пікірлерін білдіріп, талқылап, өз ұсыныстарын енгізе алады.

Басты мақсат – "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру және билік пен қала тұрғындары арасында кедергісіз диалог құру, қала жаңалықтары мен іс-шаралар туралы жедел хабарлау, жергілікті атқарушы органдардың есеп беруі мен ашықтығы.

 "Қаңтар айының соңында біз түрлі мәселелер туралы хабарлауға болатын жаңа қызметті іске қосамыз, онда тұрғындарға мәселенің фотосуретін, бейнесін, нақты геолокациясын тіркеу үшін бірнеше рет басу жеткілікті болады. Қазір бізде дәл осы бағытта жұмыс жүргізілуде. Келесі жылы да біз мемлекеттік органдардың жауаптарын бағалау жүйесін енгізетін боламыз. Бұл жауаптардың сапасын арттыратын жақсы құрал болады деп есептеймін", — деп атап өтті Әлия Жақсалықова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу