ШҚО-да оқушылар жәрмеңке өткізіп, жиналған ақшаны су тасқынынан зардап шеккен халыққа жіберді

267

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің жұртшылығына гуманитарлық көмек жіберуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО-да оқушылар жәрмеңке өткізіп, жиналған ақшаны су тасқынынан зардап шеккен халыққа жіберді Фото: Ұлан ауданы әкімдігі

Гуманитарлық көмек жинау науқаны облыстың барлық қала, ауданында өтуде. Еріктілер, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктер, жанашыр жандар азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, жиһаз және ақша әкелуде. 

"Осы уақытқа дейін 25 тонна гуманитарлық көмек жиналды. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның қолдауымен вагондарға салып, жөнелттік. Тиеуге волонтерлер, әскери-техникалық оқу орнының студенттері көмектесті. Көмек жинау әлі де жалғасады. Қабылдау пункттері - Шығыс Қазақстан волонтерлерінің және Қазақстан халқы ассамблеясының фронт-кеңселерінде орналасқан", - дейді облыстық волонтерлер фронт-кеңсесінің басшысы Айдос Әділбеков. 

Игі амалдан мектеп оқушылары да қалып қалмады. Ұлан ауданының оқушылары жәрмеңке өткізіп, онда ата-аналарының көмегімен дайындаған тағамдарын ұсынды. Барлығы 100 мың теңге жиналып, су тасқынынан зардап шеккендерге жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу