ШҚО-да оқушыларға мектепте смартфон қолдануға тыйым салынды

977

ШҚО-да оқушыларға мектепте смартфон қолдануға тыйым салынды

Шығыс Қазақстан облысында прокуратура мен білім басқармасы мектепте смартфон қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды  КазТаг.
Шенеуніктердің айтуынша, бұл ұсынысты педагогтар да, мұғалімдер де мақұлдаған.
Прокуратура аталмыш тыйым салу арқылы қылмыс саны азаяды деп үміттенуде, себебі көбіне телефонын ұрлататындар жасөспірімдер екен.  
Әзірге 659 мектептің 579-ына ата-аналардың келісімімен осындай тыйым енгізілді.

Еске салсақ, мұндай шара Қызылорда облысында бір жылдан астам уақыт бұрын қолға алынған еді. 2016 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енген мұндай тыйым салуды балалардың назарын оқуға аударумен қатар, әлеуметтік желілердегі суицидті насихаттайтын топтардың ықпалынан қорғау мақсатында енгізген болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу