ШҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 12 адам көз жұмды

492

Облыста 38 мыңнан астам адам зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында еңбек етеді.

ШҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 12 адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында биыл өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 12 адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz Noks.kz порталына сілтеме жасап. 

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатовтың хабарлауынша, жыл басынан бері аймақта өндірісте болған 147 жазатайым оқиға тіркелді. Салдарынан 158 адам зардап шегіп, оның ішінде 80 адам ауыр жарақат алған, 12-сі қайтыс болды.

Өңірде 38 мыңнан астам адам зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Былтырғыға қарағанда аймақтағы өндірістік жарақаттану деңгейі 8,1%-ға төмендеген көрінеді.

"Өндірістік жарақаттанудың негізгі бөлігі тау-кен металлургия кәсіпорындары мен жол-көлік оқиғаларына тиесілі. Үшінші орында құрылыс саласы тұр", - деді Бақытбек Қизатов.

Оның айтуынша, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы әкімдікпен бірлесіп 2025 жылға дейін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын қабылдады. Бұл жоспар аясында бірнеше жоба енгізілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу