ШҚО-да өнеркәсіп өндірісінің 6,6 пайызын машина жасау құрайды

1914

ШҚО-да өнеркәсіп өндірісінің  6,6 пайызын машина жасау құрайды

Шығыс Қазақстанның машина жасайтын кешені Шығыс Қазақстанның экономикасының маңызды салаларының бірі - машина жасау. 2017 жылғы қаңтар-маусымда облыстағы өнеркәсіп өндірісінің  6,6 пайызын машина жасау құраған. Бұл туралы статистика комитеті хабарлайды. 

Машина жасау саласының барлық кәсіпорындары және өндірістері 2017 жылдың алты айында 47 260,2 млн теңгеге өнеркәсіптік өнім шығарды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі өндіріс деңгейінен 51,1%-ға жоғары.

Жеңіл автомобильдерді (15,4%-ға), автобустарды (6,1 есе), бөлу қалқандарын (2,5 есе), электр сымдар мен кабельдерді (58,5%-ға), электр конденсаторларды шығару (28,4%-ға) өсті. Сонымен қатар, жүк автомобильдерді (90,7%-ға), автомобиль шанақтарын (97,6%-ға), ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторларды (66,7%-ға), электр трансформаторларды (49,0%-ға), сұйықтықты айдауға арналған сорғылар; сұйықтықты көтергіштерді (14,%-ға), ауаны сүзуге немесе тазартуға арналған жабдықтар мен аппараттарды (89,1%-ға) өндірудің төмендеуі байқалды.

Машина жасау өнімдері өндірісінің республикалық көлемінде ШҚО 11,5%-ды алады. Облыс осы сала бойынша Қазақстан өңірлері арасында үшінші орында тұр. Облыстың машина жасау саласында республикалық өндіру көлемінің  38,9%-ы тіркемелер және жартылай тіркемелер; контейнерлер, ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторлар 43,2%-ы, он немесе одан көп адамды тасымалдауға арналған автомобильдер 15,7%-ы, жеңіл жолаушылар автомобильдері 72,7%-ы шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу