Әкімдіктерге қателеспеу үшін көшелер мен елдімекен атауларын ауыстыруды тоқтата тұру тапсырылды, деп хабарлайды altaynews.kz..
"Келіп түскен өтініштер көп. Бірақ барлығы бірдей тиісті үлгіде рәсімделмеген. Сондықтан олар қабылданбайды. Одан кейін атауларды өзгертуге қатысты шешімді басқарма қабылдамайды. Қалай болғанда да, бұл жұмыс биыл жүргізілмейді", – деді басқармадағылар.
Дегенмен талқылаудан өткен ұсыныстар әлі де қарастырылатын болады.
Айталық, өткен күзде қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау білдірген Өскемендегі бірнеше көше атауы өзгеруі мүмкін. Олар: Орджоникидзе (Нұрмағанбетов), Киров (Чехов), Дзержинский (Қашаубаев) және т.б көшелер.