Өрт Алтай мен Тарбағатай және Үржар аудандарында да болды. Бұл жақта жанған шөп пен қамыс көп ұзамай өшірілді. Құтқарушылар Көкпекті ауданы "Құлынжон" мемлекеттік табиғи қорығындағы қызыл жалынды әлі өшіріп жатыр. Ал Ұлан ауданында тұтанған өрт әлі толық сөнген жоқ.
Жалпы ауданы 50 гектарға жеткен қызыл жалынды 2 тікұшақ пен 150-дей адам өшіріп жүр.
Неше күннен бері далада жүрген төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, азықтың аз екенін айтып, бірнеше бөлке нан мен 16 банка ғана консервіленген ет берілгеніне шағымданған. Бұл ондағы адам санына сәйкес келмейтіні жайлы ақпарат, әлеуметтік желі арқылы тарады. Ал департамент өкілдері тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.