ШҚО-да өрттен мүгедек әйел көз жұмды

709

Өрттің шығу себебі электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

ШҚО-да өрттен мүгедек әйел көз жұмды

Өрт сөндірушілер келген кезде ашық жалынға оранған тұрғын үйде газ баллоны жарылған, деп inbusiness.kz  ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Глубокое ауданы Веселовка кентіндегі Ленин көшесіндегі өрт туралы хабарлама 4 сәуірде таңғы сағат 06. 43-те келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде ашық жалынға оранған тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Туыстары үйде мүгедек әйел болуы мүмкін екенін айтқан. Құтқарушылар жанып жатқан тұрғын жайға кіріп, 1969 жылы туған әйелдің денесін тауып алды. Ол I топтағы мүгедек болған.

"Өрттің шығу себебі электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды. Өрт жалпы ауданы 45 ш.м. сөндірілді, оған барлығы жеке құрамнан 7 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды", – деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

 

  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу