ШҚО-да отбасы бюджетінің жиынтық ақшалай табысы 142,5 мыңнан асады

947

ШҚО-да отбасы бюджетінің жиынтық ақшалай табысы 142,5 мыңнан асады

ШҚО-ның үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу деректері бойынша (облыстық статистика басқармасының мәлііметтері бойынша) 2017 жылдың екінші тоқсанының бір айында (орташа алғандағы орташа статистикалық отбасы) шығысқазақстандық отбасы бюджетінің жиынтық ақшалай табысы 142 601 теңгені құраған, деп хабарлайды altaynews.kz.

Соның ішінде табыстың 68,6 пайызы еңбек қызметіне келсе, 27,1 пайызды әлеуметтік трансферттер, 3,1 пайызды туған-туыстардың, таныстардың материалдық көмегі және алименті, 1,2 пайызды өзге де ақшалай түсімдер құраған.

2017 жылдың екінші тоқсанының бір айына орташа алғанда отбасының жиынтық ақшалай шығыны 143 851 теңге мөлшерінде қалыптасқан, соның ішінде 89,0 пайызы тұтынушылар шығынына (азық-түлік тауарлары мен азық-түлік емес тауарларын сатып алу, ақылы қызметтер), туған-туыстарға, таныстарға материалдық көмек және алиментке 5,6 пайыз, несиені және қарызды өтеуге 5,3 пайыз, жергілікті салықтарға және өзге де төлемдерге 0,1 пайыздан келді. Тоқсан ішінде ай сайын жанұялық бюджеттен азық-түлік өнімдеріне 67 912 теңге бөлініп, азық-түлік емес тауарларды сатып алуға 31 631 теңгеден, әртүрлі қызметтерге төлемдер 28 539 теңгеден жұмсалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу