ШҚО-да өткен жылы 94 әйел өз-өзіне қол жұмсаған

698

ШҚО-да өткен жылы 94 әйел өз-өзіне қол жұмсаған

Өзіне-өзі қол салып, өміріне балта шабатындар саны елімізде азаймай тұр.  Мәселен, тек Шығыс Қазақстанда өткен жылы 94 әйел өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды 24.kz.

Психологтар суицидке бейім адамдардың көңіл-күйін зерттеп түсіну арқылы ғана оларға жан-жақты көмек көрсетуге болады деп санайды. Өскеменде осы мақсатта 30-дан астам адам қатысқан арнайы семинар өтті. "Отбасын және балалық шақты қолдау орталығы"  ұйымдастырған шарада адамды өзіне-өзі қол жұмсауға не итермелейді және ондай күйге түскен адамды қалай байқап, нендей көмек беруге болады?" деген сұрақтар талқыға салынды. Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткен бұл жоба Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында іске асырылып келеді.

"Шығыс Қазақстанда өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі өткір тұр деп айтуға болады. Бұл – кәмелеттік жасқа толмағандар арасында да, жастар арасында да өзекті сұрақ. Мысалы, әсіресе 14 жас және одан асқан азаматтар бұндай сұмдық қадамға жиі барады екен. Сондықтан бүгінгі семинар осындай қоғамдық келеңсіздікпен күресетін психолог мамандар үшін қосымша бір құрал болды десек артық емес", - дейді Өскемен қалалық "Отбасын және балалық шақты қолдау орталығының" директоры Лилия Кузенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу