ШҚО-да өзгенің банк картасынан ақша алған азамат ұсталды

414

Ол 120 мың теңгедей ақша шешкен.

ШҚО-да өзгенің банк картасынан ақша алған азамат ұсталды Фото: inbusiness.kz

Шемонаиханың тұрғынының картасынан ақша шешіп алған азамат құрықталды, деп хабарлайды   inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шілде айының соңында Шемонаиха ПБ-ға аудан тұрғыны белгісіз адам кешкі уақытта маусым айында жоғалтқан банктік картасынан 120 мың теңгеден астам қаражат шешіп алды деген өтінішпен жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері өтініш берушімен бір кәсіпорында жұмыс істеген 34 жастағы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Жауап алу кезінде ол бұл әрекетін мойындады. Ұрланған зат ішінара тәркіленді. 

Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу