ШҚО-да пандемия кезінде туристер саны екі есе қысқарған

1026

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақовтың айтуынша, былтыр өңірге келетін туристер саны екі есе азайған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

ШҚО-да пандемия кезінде туристер саны екі есе қысқарған

"Коронавирус пандемиясы басталған сәттен бастап туризм ең зардап шеккен салалардың бірі болды. 2020 жылы өңірге келетін туристер саны екі есе азайды (42%). Алакөл жағалауында демалушылар саны 70 пайызға төмендеді", – деді Марат Қабақов. 

Оның айтуынша, биыл Алакөлдің шығыс жағалауының инфрақұрылымын дамытуға 8 миллиард теңгеге жуық қаражат бағытталды. Барлық жобалар іске асырылған. Атап айтқанда, полиция бекеттері мен жедел медициналық жәрдем станциялары салынды.

Айта кетейік, Алакөл демалыс орны – республикадағы ең негізгі туристік нысандардың бірі. Ал Риддер қаласының туристік объектілеріне электр желісі тартылды. 

"Жобаның құны 40 миллион теңгені құрады. Осындай жоба Зайсан ауданында да жүзеге асырылуда. Катонқарағайда экологиялық және этнотуризм дамып келеді. Мұнда жеке кәсіпкерлер мен жергілікті тұрғындарға қонақ үйлер желісін ашуға қолдау көрсетілуде. Олар үшін гранттар қарастырылған. Бұл бағытта қазірдің өзінде 15 бизнес-жоба жүзеге асырылған", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу