ШҚО-да полицейлер өртенген үйден баланы аман алып шықты

261

​Бүгін сағат 13:00 шамасында Алтай қаласының оңтүстік бөлігін патрульдеп жүрген полиция қызметкерлері жеке сектордан шыққан қою түтінді байқап, бірден сол бағытқа бет алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

ШҚО-да полицейлер өртенген үйден баланы аман алып шықты Фото: polisia.kz

Тәртіп сақшылары Алтай көшесіндегі №3 үйге келгенде, жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқанын анықтаған. Сол сәтте полиция майоры Азамат Қанапин терезеден жылап тұрған баланы көрген.

Өрт сөндірушілердің келуін күтпеген полицей балаға көмектесуге дереу кіріскен. Оған взвод командирі полиция капитаны Ринат Құниязов пен патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Абзал Смағұлов қосылған. Үш қызметкер бірігіп терезені сындырып, үйдің ішіне кірген. Осылайша Азамат Қанапин баланы сыртқа шығарып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Оқиға кезінде көршілердің бірі де жедел қызметтерге хабар беріп, құтқару жұмыстарына көмектескен.

Көп ұзамай өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Құтқарылған бала дәрігерлерге тапсырылып, медициналық тексеру үшін ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция қызметкерлері мен көршінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында бала аман қалып, болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу