ШҚО-да республикалық маңыздағы жолдарды жөндеуге 70 млрд теңге бөлінеді

1179

Былтыр бұл мақсатта 86 млрд теңге игерілген болатын.

ШҚО-да республикалық маңыздағы жолдарды жөндеуге 70 млрд теңге бөлінеді

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, өңірдегі жолдардың 88 пайызының сапасы "қанағаттарлық" деңгейде, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов халық алдында бір жылда атқарылған жұмыстардың есебін берді. Тікелей көрсетілім арқылы өткен кездесуде аймақ басшысына онлайн сауалдар қойылды. Өңір әкімі жыл сайын жол сапасын жақсартуға жұмсап жатқан миллиардтаған қаражаттың есебіне тоқталды. Айтуынша, былтыр "Талдықорған – Қалбатау - Өскемен және "Қалбатау-Майқапшағай" жолдарын жөндеуге облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға 45,3 млрд теңге, елдімекен көшелерін жөндеуге 40,7 млрд теңгеден астам инвестиция салынған.

"Биыл қаржыландыру көлемі 70 млрд теңгені құрайтын республикалық маңызы бар жолдарды қайта құру жалғасуда. "Алматы-Өскемен" тас жолында және "Қалбатау – Майқапшағай" автожолының 200 шақырым учаскесінде жол қозғалысы ашылады. Жолдар толығымен 2022 жылы пайдалануға беріледі, - деді Даниал Ахметов.

Әкім көлік тізгіндегендердің қорқынышты түсіне айналған "Таскескен-Бақты" жолының 20 шақырымын қайта жаңарту аяқталып, "Өскемен-Алтай - Рахман қайнары" бағытындағы жолдың Осинов асуын жоба айналып өтетін бөліктің құрылысы қайта жанданатынын жеткізді.

"Биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 138 шақырымында жол жөндеу жұмыстары жалғасады. Бұдан басқа, Өскемен қаласының, Үржар ауылының әуежайларын қайта жаңарту, сондай-ақ Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу жүргізіледі",- деді әкім.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу