ШҚО-да сел жүріп, 10 үйге су кірді

1888

Шығын көлемін арнайы комиссия есептейді.

ШҚО-да сел жүріп, 10 үйге су кірді

Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауылына қарасты Жаңаауыл елдімекенінде 10 үйді лай су алған. Төтенше жағдай өкілдері тосын жайт қатты нөсер салдарынан болды деген ақпар беріп отыр.

"19 шілдеде кешкі сағат 20.10-да Тарбағатай ауданының Жаңааауыл елдімекенінде күшті нөсер болып, салдарынан 10 үйді су алған. Судың деңгейі 20 сантиметрге дейін жеткен. Аулаға кірген су кейбір үйлердің саман кірпіштен салынған қосалқы құрылыстарын ішінара бүлдірген. Су алған 10 үйдің 20 тұрғыны қазір туыстарының үйін паналауда. Аудадық өрт сөндіру қызметінің өкілдері моторлы сорғы арқылы сел алған үйлерден 700 текше метр су  шығарды. Дәл қазір судың беті қайтты. Ал келген шығынды арнайы комиссия есептейді", – деп жазады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жаздың аптабында сел жүруі жаңауылдықтардың өдері үшін де тосын жайт болған көрінеді. Таулы жерде жатқан Жаңаауылдың тұсынан Терісайрық деген өзен ағады. Ал етекте жатқан Бозша ауылының тұсында шағын жасанды көлшік бар. Жергілікті тұрғындар ол бөгет бүлінгеннің өзінде суының Жаңауылға жетуі екіталай деп отыр. Оның үстіне бөгеттен артық су шықса, бірінші жанындағы Бозшаға білінетін көрінеді.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу