Шығыс Қазақстанда сел жүру қаупі жоғары

105

Аймақтағы Катонқарағай, Зайсан, Алтай аудандарында және Риддер қаласында барлығы сел жүру қаупі жоғары 13 ошақ бар.

Шығыс Қазақстанда сел жүру қаупі жоғары Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында 15 мамырдан бастап сел қаупі жоғары кезең басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты

Аталған аудандардағы таулардың жоғарғы жақтарында 11 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл қалыптасқан.

Сел қаупі бар кезеңде "Қазселденқорғау" ММ мамандары көлдердің жай-күйін, сел мен сырғыма ағындарын қалыптастыруға ықпал ететін факторларды бақылауда ұстайды.

Сел, сырғыма жағдайына мониторинг жүргізу үшін 9 маусымдық гидропост және жыл бойы жұмыс істейтін 1 гидропост орнатылған.

Облыста сырғыма қаупі бар 9 учаске бар: Громотуха және Уба-Риддер, Бұқтырма, Хамир, Черновая-Алтай ауданы, Бұқтырма-Катонқарағай ауданы, Кендірлік-Зайсан ауданы.

Қауіпсіздік мақсатында сел жүру қаупі бар учаскелерде 20 ескерту және тыйым салу қалқандары; сырғыма жүру қаупі бар учаскелерде 18 қалқан орнатылды.

Көшкін сел және сырғыма қаупі бар аудандардың жергілікті атқарушы органдарына, ғи­ма­раттары қаупі бар учаскелерде орналасқан кәсіпорын басшыларына, жеке үй иелеріне ескерту парақшалары таратылды.

ШҚО ТЖД және "Қазселденқорғау" ММ ШҚО филиалының мамандары сел, сырғыма жүру қаупі жоғары кезеңде тауға шығуға болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу