ШҚО-да шағыннесиелер беруге 4,5 млрд теңге қарастырылған

720

Несие тек "Бастау-Бизнес" жобасы бойынша оқығандарға ғана беріледі.

ШҚО-да шағыннесиелер беруге 4,5 млрд теңге қарастырылған

Жобаның операторы - ШҚО Кәсіпкерлер палатасы. 2019 жылы облыс бойынша 1400 адам кәсіпкерлік негізін тегі оқуда деп хабарлайды, ustinka.kz.

Оқуға 1209 адам жіберілген, оның 608-і бітіріп шықты, ал 508-і бизнес-жоспарларын табысты қорғап шықты. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 95 млн теңге бөлінген.

 "2019 жылдың төрт айында банктерге 1,5 млрд теңге 128 өтініш жіберілген. 42 жоба қаржыландыруға мақұлданып, оның 35-і  402,7 млн теңге несие алды. Жұмыспен қамту орталығына кеңес алуға 576 адам келген, оның 36-сы көпбалалы отбасы өкілдері. 443 адам 2,6 млрд теңгеге несие рәсімдемек, оның 27-сі көпбалалы отбасынан", -деді ШҚО жұмыспен қамтуды реттеу және әлеуметтік бағдардама басқармасының баспасөз хатшысы Жанар Асылханова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу