ШҚО-да шахтада тау жынысы опырылып, бір адам қаза тапты

361

Оқиға орын алған учаскедегі барлық жұмыстар дереу тоқтатылды.

ШҚО-да шахтада тау жынысы опырылып, бір адам қаза тапты Фото: canva

2026 жылы 30 мамыр күні сағат 20:30 шамасында "Шығыстүстімет" ЖШС-нің Артемьев шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында құзыретті мамандар мен уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен тергеу басталды.

"Бұл – бүкіл ұжымның қабырғасын қайыстырған ауыр қайғы. Біз әріптесіміздің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасамыз. Компания марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетеді. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау және болашақта осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қосымша қандай шаралар қажет екенін түсіну компания үшін аса маңызды. KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Андрей Третьяков арнайы құрылған комиссия мүшелерімен үнемі байланыста және оқиға орнына жол тартты," – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу