Қайғылы оқиға 13 шілдеде сағат 03:00 шамасында "Шығыстүсмет" ЖШС Орлов шахтасының аумағында болған, деп хабарлайды altaynews.kz.
ШҚО бойынша корпоративтік байланыстар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тау-кен массасы опырылып, екі жұмысшы жарақат алыпты. Шахтаның бекітушісі оқиға орнында көз жұмған, екінші жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ екен.
Қазір арнайы комиссия құрылып, шахтада болған жағдайдың себептері анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу