banner

ШҚО-да шаңғы акробатикасынан ел чемпионаты аяқталды

587

Чемпионатта жалпы есебі 30 спортшы бақ сынады, олардың қатарында ұлттық құрама үздіктері де бар. 

ШҚО-да шаңғы акробатикасынан ел чемпионаты аяқталды

Шығыс Қазақстан облысындағы "Алтай Альпісі" тау-шаңғы кешенінде шаңғы акробатикасынан ел чемпионаты мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан чемпионатына еліміздің төрт аймағынан спортшылар қатысты. Атап айтар болсақ, ел біріншілігінде Алматы қаласы, Павлодар, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан жалпы есебі 30 спортшы бақ сынаған болатын. Олардың қатарында ұлттық құрама үздіктері де бар. 

Ел чемпионатынында ерлер арасында топ жарған спортшылар Бағлан Іңкәрбек (Алматы), Илья Бугров (Павлодар облысы), Саттар Алдабергенов (Алматы) үздіктер қатарынан табылды.

Ал әйелдер арасында Ақмаржан Қалмұрзаева (Алматы), Жанбота Алдабергенова (Алматы), Дарья Демченко (Павлодар облысы) алға шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу