Тарбағатай ауданы Ахмет-Бұлақ ауылында қорадағы қойға қасқыр түсті. Мал иесінің айтуынша, 50 қойы арам өліп, 20 қойы тамақталған, деп хабарлайды altaynews.kz.
Шығынға ұшыраған азаматтың айтуынша, рұқсат қағаздары болса да, ауылда мылтық ұстатпайды екен.
"Психологиялық болсын, заңдық болсын, барлық тексеруден өтіп, мылтыққа рұқсат алдық. Алайда қаруымыз сейфте босқа тұр. Ұстатпайды. Неге екені түсініксіз. Жыл сайын мерзімін ұзарту үшін ақшасын текке төлеп отырмыз. Қасқыр болса көбейіп келеді. Мына бет алысынан енді адамға шаба ма деп қауіптенудеміз", – дейді ашынған азамат.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу