ШҚО-да шектеу шаралары 29 тамызға дейін ұзартылды

931

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 29 тамызға дейін дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

 ШҚО-да шектеу шаралары 29 тамызға дейін ұзартылды

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 29 тамызға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 20,3%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,943.

Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу