ШҚО-да шешесін өлтірген токсикоман жасөспірім сотталды

480

Анасы берген ақшаны зиян әдеттерге жұмсап келген.

ШҚО-да шешесін өлтірген токсикоман жасөспірім сотталды Фото: halyq uni

Шығыс Қазақстан облысында анасын өлтірген жасөспірім 10 жылға сотталды. Жазасын кәмелет жасына толмағандарға арналған колонияда өтейді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ШҚО сотының баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Ақпаратқа қарағанда, ШҚО-дағы ауылдардың бірінде тұратын жасөспірімдер алкаголь ішіп, ол болмағанда құрылысқа арналған желім иіскейтін болған. 15 жастағы жасөспірім бұған байланып қалған.

А деген жасөспірімнің жаман әдетін анасы біліп қалған. Өскеменге барып келіп жұмыс істейтін ол үнемі баласына ақша аударып беретін. Ал баласы ақшаны желім мен ішімдікке жұмсап келген. 

Бір күні жұмыстан келген анасы баласын тағы да улы желімге масайған күйде көреді. Сол жерде ұрсып, бетінен бірнеше рет соғады. Бірақ есін жоғалтқан бала анасына күш көрсетіп, басынан таспен ұрады. Анасы ауыр соқыдан қаза табады. 

Бала анасының денесін кешкілік уақытта ауылда қараусыз қалған үйлердің біріндегі шұңқырға жасырады. Полицияға туыстары қаза тапқан әйелді іздеп хабар береді. Алайда полиция бес айда таба алмайды. 

Арада бес ай өткенде қараусыз қалған үйдің иесі келеді. Ол өз ауласынан мәйіт тапқанын хабарлайды. Кейін тексеру барысында қаза болған адамның қасынан оның кіші ұлының да заттары табылады. 

Жасөспірім тергеуде кінәсін толық мойындап, оқиғаны баяндап береді. Сотта туған ағасы оны ең қатаң жазаға кесуді сұрайды. 

ШҚО сотының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жасөспірімнің ісі аса ауыр қылмыс санатымен сараланған. Ол кәмелетке толмағандарға арналған колонияды он жыл жазасын өтейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу