ШҚО-да шошқа тұмауы тіркелді

467

Бұдан басқа 74 адамнан түрлі вирустық инфекциялар зертханалық түрде расталды. 

ШҚО-да шошқа тұмауы тіркелді Фото: El.kz

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында тиісті ақпарат жарияланды, деп жазады inbusiness.kz Noks.kz порталына сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, облыста ЖРВИ және тұмаумен ауырғандар саны өсіп жатыр.

Өткен жылдың бірінші қазанынан бастап 2023 жылдың 19 қаңтарына дейінгі аралықта 111 020 тұрғын ЖРВИ-мен ауырған. Олардың басым бөлігі –14 жасқа дейінгі балалар.

"Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 2 380 науқастың сынамасы тұмау ауруына тексеріліп, 85 адамнан диагноз расталды. 72 науқастан тұмаудың В типті вирусы, ал 13-інен шошқа тұмауының А типті вирусы (H1N1) анықталды. Тұмауды жұқтырғандардың үштен бірін 14 жасқа дейінгі балалар құрады", - деп хабарлады ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Бұдан басқа 74 адамнан вирустық инфекциялар (парагрипп, риновирус, аденовирус, коронавирус және т.б.) зертханалық түрде расталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу