ШҚО-да сібір жарасын жұқтырған жігіт көз жұмды

1124

Ол 19-қыркүйекте санитарлық авиациямен Өскеменге жеткізілген болатын. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, кеше қайтыс болғаны расталды.

ШҚО-да сібір жарасын жұқтырған жігіт көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында сібір жарасын жұқтырған адам ауруханада көз жұмды. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды Atameken business.

Марқұм Қатон-Қарағай ауданындағы Кішінарын ауылының тұрғыны. 37 жаста болған. Қазір осы оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды. Оған облыс әкімінің орынбасары төрағалық етеді.

Еске сала кетсек, сібір жарасын жұқтырған ер азамат 19-қыркүйекте санитарлық авиациямен Өскеменге жеткізілген болатын. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, кеше қайтыс болғаны расталды. Белгілі болғандай, ол үйінде бұзау сойыпты. Бір апта өткен соң ауырып, медициналық көмекке жүгінген. Қазір онымен байланыста болған 37 адам анықталып, дәрігер бақылауына алынды. Мал сойылған жерге залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр. Сойылған малдың қалған еті түгелдей залалсыздандырылып, көзі жойылды. Бүгінде ауылдық округте қауіпті дерт одан ары таралмас үшін профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Дәрігерлер көмегіне жүгінген науқас бірден жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған болатын. Ол сібір жарасы ауруын жұқтырды деген күдік болды. Жасалған ем-домға қарамастан, өкінішке орай ол қайтыс болды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу