ШҚО-да сотталғандар 120 мыңнан астам бетперде тікті

1081

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан түзеу колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға жұмысына ақшалай сыйақы алды.

ШҚО-да сотталғандар 120 мыңнан астам бетперде тікті

Шығыс Қазақстан облысында бетперде тігумен айланысқан сотталғандарға бір миллионнан астам сыйақы берілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта қорғаныс құралдары мен дезинфекция қажет. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі мен Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы басшылығының шешімімен қылмыстық-атқару жүйесінің өндірістік объектілерінде қорғаныс бетперделерін тігу ұйымдастырылды.

19 наурыздан бастап Шығыс Қазақстандағы алты колонияда сотталғандар қорғаныс бетперделерін тіге бастады. Осы уақытқа дейін сотталғандар 120 мыңнан астам бетперде тігіп үлгерген. Осы бетперделермен полиция офицерлері мен әскери қызметкерлер толығымен қамтамасыз етілген. Сотталғандардың еңбегі артта қалмады, оларға ақшалай сыйлықтар берілді.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде қорғаныс маскаларын тігу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу