ШҚО-да сотталғандар эко-ойыншықтар жасай бастады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласында ОВ-156/14 қатаң режимдегі колонияда ақылы жұмыспен қамтылған сотталғандар эко-ойыншықтар жасай бастады. Өндірістік цехында ақылы жұмыспен қамтылған сотталғандар экологиялық таза материалдан балаларға арналған ойыншықтар жасай бастады.
"Ағаш заттарға әрқашан сұранысқа бар және болады да. Бірақ эко-ойыншықтар жоғары бағаланады және пластикалық аналогтардан гөрі қымбат. Шын мәнінде, эко-ойыншықтар жасау идеясын Арслан (сотталушының аты. өзгертілген) ойлап тапқан еді, ол менің цехымда екінші жыл жұмыс істейді. Алғашқы ойыншықтар менің Instagram парақшамда сатылымға шығарылды. Біздің эко-ойыншықтарымыз оны алатын барлық балаларды қуантады деп ойлаймын", – жеке кәсіпкер Нұрбол Серікқалиев.